ИНДУСТРИАЛДЫҚ КЕҢЕС ТУРАЛЫ ЕРЕЖЕ

  1. Индустриалдық кеңес Ережесі
    Кеңес құрамына сала өкілдері, колледждің академиялық құрамы және өзара тиімді қарым-қатынаста бірге жұмыс істейтін басқа да қызығушылық танытқан тұлғалар кіреді.
    Колледждің пайдасы білім беру бағдарламаларының өзектілігін қамтамасыз етуде және салалық кәсіпорындармен формальды байланыс орнатуда.
    Кеңеске қатысудың бизнестің пайдасы – колледжге кәсіпкерлердің және еңбек нарығының талаптарына сай, бәсекеге қабілетті, сұранысқа ие білікті мамандар даярлауға көмектесу.
    Кеңес колледжге Жамбыл облысының өнеркәсіптік индустриясының қажеттіліктерін қанағаттандыратын бағдарламаларды әзірлеуге және өзектілігін сақтауға көмектесу үшін құрылды.
    Кеңес мүшелері бір немесе бірнеше колледж бағдарламаларына сәйкес келетін белгілі бір кәсіптік салаға байланысты тәжірибесі мен білімі бар, колледжден тыс адамдардан тұрады.
    Кеңес кеңесші болып табылады және әкімшілік немесе атқарушылық сипатқа ие емес.
    Индустриалдық кеңес туралы
    Индустриалдық кеңес колледжде сарапшыларға және техникалық көмек көрсетуге, экономиканы салалық ерекшеліктеріне сәйкес мамандықтар бойынша тиімді кадрлармен қамтамасыз етуге түлектердің бәсекеге қабілеттілігін арттыру мәселелерін шешу үшін құрылды. Колледждің Индустриалдық кеңесінің құрамына кәсіпорындардың өкілдері – әлеуметтік серіктестер, өндірістік оқыту шеберлері және арнайы пән оқытушылары кіреді.
    Кеңестің мақсаты – салалар бойынша еңбек нарығының қажеттіліктеріне сәйкес жоғары білікті кадрларды даярлау мақсатында дуальды оқыту бағдарламаларын, модульді-құзыреттілікке негізделген тәсілді әзірлеуге көмектесу.
    Индустриалдық кеңестің міндеттері:
    – Интеграцияланған білім беру бағдарламаларын әзірлеу және жүзеге асыру, қазіргі заманғы білім беру бағдарламаларын, инновациялық жабдықтарды құру және енгізу болып табылады.
    – Оқытушылар құрамының интеллектуалды әлеуетінің сапасын арттыру, оқу-әдістемелік материалдарды әзірлеу және сатып алу, студенттердің академиялық ұтқырлық бағдарламасын енгізу, колледж имиджін көтеру.