Қазақстан Республикасының «Аспара» мәнерлік өнер және бизнес колледжінің 2024-2025 оқу жылына қабылдаудың үлгі ережесі.

Жалпы мағлұмат

  1. «Аспара» мәнерлік өнер және бизнес колледжіне оқу орындарына қабылдаудың осы ережесі «Білім туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңына (бұдан әрі- Заң) сәйкес техникалық және кәсіптік білімнің кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын «АСПАРА» мәнерлік өнер және бизнес колледжіне оқуға қабылдаудың тәртібін белгілейді.
  2. «АСПАРА» мәнерлік өнер және бизнес колледжіне негізгі орта (жалпы негізгі), жалпы орта (орта жалпы), техникалық және кәсіптік (кәсіптік бастауыш және кәсіптік орта), орта білімнен кейінгі, жоғары (кәсіптік жоғары) білімі бар Қазақстан Республикасының азаматтары, шетелдік азаматтар және азаматтығы жоқ адамдар қабылданады.
  3. «АСПАРА» мәнерлік өнер және бизнес колледжіне оқуға түсу кезінде Заңның 26 бабының 8 тармағына сәйкес айқындалған азаматтарды қабылдауға квота белгіленді;

-I, II топ мүгедектеріне, туылғаннан мүгедектерге – 1 пайыз;

– жеңілдіктері және кепілдіктері бойынша  Ұлы  Отан соғысының  қатысушылары мен  мүгедектеріне теңестірілген азаматтар үшін – 0,5 пайыз;

– ауылдың (селоның) әлеуметтік – экономикалық дамуын айқындайтын мамандықтарға ауыл  (село) жастары арасынан шыққан азаматтары үшін – 30 пайыз;

– Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылмайтын ұлты қазақ адамдар үшін – 2 пайыз;

– ата-анасының қарауынсыз қалған және жетім балаларға 1 – пайыз.

  1. Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары білімі бар азаматтар үшін оқуға түсу емтихандарын тапсыру нысанасын «АСПАРА» колледжі белгілейді.

 

Техникалық және кәсіптік білімнің кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын «АСПАРА» колледжіне оқуға қабылдаудың тәртібі. Құжаттарды қабылауды ұйымдастыру және оқуға  түсу емтихандарын өткізу.

  1. «АСПАРА» мәнерлік өнер және бизнес колледжінде азаматтардың оқуға өтініштерін қабылдау, оқуға түсу емтихандарын өткізу және білім алушылар қатарын қабылдау үшін колледждің қабылдау комиссиясының жұмысын 1 маусымнан кешіктірмей бастайды.

Қабылдау комиссиясының құрамына комиссия төрағасы, жауапты хатшы және комиссия мүшелері кіреді.

  1. «АСПАРА» мәнерлік өнер және бизнес колледжі көшпелі комиссиялардың қабылдау емтихандарын  меншік нысандарына, үлгілері мен түрлеріне қарамастан білім беру ұйымдарын құрылтайшылармен келісіп ұйымдастырады.
  2. Оқуға түсушілерді қабылдау нәтижесі туралы ақпаратпен оқудың күндізгі нысаны бойынша 30 тамызға дейін ақпараттық стендке жариялау арқылы немесе «АСПАРА» колледжінің интернет ресурсы арқылы қабылдау комиссиялары таныстырады.
  3. «АСПАРА» мәнерлік өнер және бизнес колледжге оқуға азаматтардың өтініштерін қабылдау;
  • Орта білім мамандарын даярлауды көздейтін техникалық және кәсіптік білім беретін оқу бағдарламалары бойынша оқудың күндізгі бөліміне 20 маусымнан 20 тамызға дейін жүргізіледі, «Дизайн» мамандығына 20 маусымнан 20 шілдеге дейін жүргізіледі.
  1. «АСПАРА» мәнерлік өнер және бизнес колледжіне оқуға түсушілер қабылдау туралы өтінішіне білімі туралы құжаттың түпнұсқасын, № 086 У үлгі бойынша дәрігерлік анықтамасын (I және II топтағы мүгедектер үшін және балалық шақтан мүгедек – дәрігерлік – санитарлық сарапшы комиссияларының қорытындысы), басқа аудандардан келген талапкерлер міндетті түрде профилактикалық егу кітапшасының көшірмесін өткізуі тиіс (№ 086/у), 3*4 мөлшерлі суреті.

Жеке басын куәландыратын құжаттары (оқуға түсушінің өзі, ата- аналары немесе заңды өкілдері) ұсынылады.

Шетелдіктер және азаматтығы жоқ тұлғалар мәртебесін анықтайтын,    тұрғылықты жерге тіркелгендігі туралы белгісі бар құжатты ұсынады.

  • Шетелдік –Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхат;
  • Азаматтығы жоқ тұлға – азаматтығы жоқ тұлғаның куәлігі;
  • Босқын – босқынның куәлігі;
  • Пана іздеуші тұлға – пана іздеушінің куәлігі;
  • Оралман – оралман куәлігі.

Оқуға түсушілерден түскен өтініштер «АСПАРА» колледжінің тіркеу  журналына оқытудың бөлімдері бойынша тіркеледі.

Кешенді тестілеу сертификатын (жоғары оқу орнына түсу үшін ағымдағы    жылы кешенді тестілеуге қатысқан өткен жылдар түлектері) немесе ҰБТ нәтижелері туралы сертификатын тапсырған (ағымдағы жылы ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысқан бітірушілер) тұлғалар түсу емтихандарынан босатылады және осы қағидалардың 17 тармағында көрсетілген шарттарға сәйкес конкурсқа жіберіледі.

  1. Оқуға түсу емтихандары орта білім мамандарын даярлауды көздейтін техникалық және кәсіптік білім беретін оқу бағдарламалары бойынша:
  • Жалпы орта білімі бар оқуға түсушілер үшін үш пән бойынша (қазақ немесе орыс тілі, Қазақстан тарихы және кәсіптік пән бойынша) өткізіледі.
  • Негізгі жалпы білімі бар оқуға түсушілер негізгі жалпы білімнің оқу бағдарламалары көлемінде екі пән бойынша (қазақ немесе орыс тілі, кәсіптік пән бойынша емтихан тапсырады.
  • Мамандыққа сәйкес келмейтін техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары білімі азаматтар үшін мамандыққа сәйкес өткізіледі.
  • Мамандыққа сәйкес келетін техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары білімі бар азаматтар үшін әңгімелесу түрінде өткізіледі.

«АСПАРА» колледжіне қабылдау емтихандары түсушілердлің өтінішіне сәйкес қазақ немесе орыс тілдерінде өткізіледі.

Техникалық және кәсіптік білімнің мамандығы бойынша жалпы   білім беретін пәндер тізбесі осы қағидалардың қосымшасына сәйкес айқындалады.

  1. «Дизайн» мамандықтары бойынша «АСПАРА» колледжіне оқуға түсетін талапкерлер екі шығармашылық емтихан тапсырады.

Шығармашылық емтихандар бойынша «қанағаттанарлықсыз» деген баға алған немесе емтиханға келмеген азаматтар келесі емтихандарға жіберілмейді.

Қазақстан Республикасының заңына сәйкес негізгі орта, жалпы орта білімі бар түлектер үшін қабылдау емтихандары, тестілеуді немесе пәндер бойынша емтихандарды «АСПАРА» колледжі белгілейді.

  1. Орта бөлім мамандарын даярлауды көздейтін техникалық және кәсіптік білімнің оқу бағдарламалары бойынша оқуға түсетін талапкерлер үшін оқудың күндізгі бөліміне қабылдау емтихандары, яғни кешенді тестілеу 1 тамыз бен 28 тамыз аралығында, 0402000 – «Дизайн» мамандығы бойынша өтініштер қабылдау 20- шы шілдеге дейін, шығармашылық емтихан 21-ші шілдеден 28-ші шілдеге дейін жүргізіледі.   Оқуға түсу емтихандарын өткізу кезінде:
  • тестілеу нысанасында әрбір пән бойынша тестілеу тапсырмаларының (сұрақтарының) саны 25 болып белгіленеді, әрбір тест тапсырмаларының дұрыс жауабы 1 баллмен бағаланады. Кешенді тестілеуге үш пән бойынша 2 сағат 15 минут, ал екі пән бойынша 1 сағат 30 минут беріледі. Тест нәтижелері тест өткізілген күні жарияланады;
  • пәндер бойынша емтихандардың, қабылдау емтихандарының нәтижелері бойынша алынған «3», «4», «5» бағаларын қабылдау комиссиясы мынадай шкала бойынша «3»-8 балға дейін, «4»-17 балға дейін, «5»-25 балға дейін баллдарға ауыстырады.

қабылдау емтихандары негізінде алынған бағалары «3», «4», «5», пәндері бойынша емтихандарды қабылдау комиссиясы келесі шкала бойынша балға өткізеді: «3» – 8 ұпай, «4» – 17 ұпай, «5» »- 25 ұпай.

Кешенді тестілеу

Жалпы негізгі базалық білім негізінде (9 сынып)

-«Дизайн» мамандығы бойынша

  1. Қазақ (орыс) тілі.
  2. Екі шығармашылық (пәндік) емтихан – сурет және көркем сурет.

– «Тігін өндірісі және киімді үлгілеу» мамандығы бойынша

  1. Қазақ (орыс) тілі.
  2. Математика

– «Шаштараз және сәндік косметика» мамандығы бойынша

  1. Қазақ (орыс) тілі.
  2. Химия

Орта білім негізінде (11 сынып) кешенді тестілеу (осы жылғы түлектер үшін)

  • «Тігін өндірісі және киімді үлгілеу»
  1. ҰБТ
  2. Математика
  • «Шаштараз және сәндік косметика» мамандығы бойынша
  1. ҰБТ
  2. Химия

Орта білім негізінде кешенді тестілеу (өзбек, тәжік тілді мектепті осы жылы бітірген түлектер және өткен жылғы түлектер үшін)

  • «Тігін өндірісі және киімді үлгілеу» мамандығы бойынша
  1. Қазақ (орыс) тілі.
  2. Қазақстан тарихы.
  3. Математика
  • «Шаштараз және сәндік косметика» мамандығы бойынша
  1. Қазақ (орыс) тілі.
  2. Қазақстан тарихы.
  3. Химия
  4. Біріңғай талаптардың сақталуын қамтамасыз ету және тест тапсырмаларын (сұрақтарын) бағалау және пәндер емтихандары кезіндегі даулы мәселелерді шешу, талапкердің кұкығын қорғау мақсатында «АСПАРА» колледжінде апелляциялық комиссия құрылады.

Апеляциялық комиссия құрамына апелляция комиссиясының төрағасы, хатшысы және комиссия мүшелері кіреді.

Тестілеу немесе пәндер бойынша қабылдау емтихандарының нәтижелерімен келіспеген талапкер шағым білдіруіне болады.

  • Апелляцияға өтініш тестілеу нәтижелері хабарланғаннан кейін апелляциялық комиссияға келесі күнгі сағат 13 00- ге дейін беріледі және 1 тәулік ішінде өтініш берушінің қатысуымен апелляциялық комиссияда қаралады.

Апелляциялық комиссия шешімі комиссия құрамы тізімдегі мүшелердің көпшілік даусымен қабылданады. Дауыс тең болған жағдайда комиссия төрағасы шешуші дауыс беруге құқылы. Комиссия жұмысы төрағаның және барлық комиссия мүшелерінің қолдары қойылатын хаттамамен рәсімделеді.

  1. Қабылдау емтиханды (тестілеуді) қайта тапсыруға рұқсат етілмейді.

           

Білім алушылар құрамына қабылдау

  1. «АСПАРА» колледжіне білім алуға азаматтарды қабылдау конкурстық негізінде азаматтардың өтініштері бойынша жүзеге асырылады.

     Конкурс ҰБТ сертификаттарының баллдары негізінде, Қазақстан Республикасының жоғарғы оқу орнына түсу үшін кешенді тестілеу нысанасында өткізілген оқуға қабылдау емтихандарының нәтижелері бойынша берілген сертификаттар баллдары негізінде пәндер бойынша немесе «АСПАРА» колледжінде жүргізілген тестілеу нысанасы бойынша оқуға қабылдау емтихандарының нәтижелері бойынша алынған баллдар (бағалар) негізінде жүргізіледі.

      Қабылдау конакурсын өткізу кезінде ҰБТ немесе кешенді тестілеу сертификаттарында көрсетілген үш пәннің осы қағидалардың 12 тармағына сәйкес жалпы баллдары ескеріледі.

      Білім алушылар құрамына қабылдау конкурсына қатысуға:

  • Негізгі жалпы білім алғандар үшін 2 пәннен 20 баллдан кем;
  • Жалпы орта білім алғандар үшін 3 пәннен 30 баллдан кем жинағандар жіберілмейді;

Конкурстың шарттары білім алу құқықтарын сақтауға кепілдік беруге және неғұрлым қабілетті және тиісті деңгейдегі техникалық және кәсіптік білім берудің оқу бағдарламаларын меңгеруге даярлығы бар азаматтарды қабылдауды қамтамасыз етуге тиіс.

Орта білім мамандарын даярлауды көздейтін техникалық және кәсіптік білім беретін оқу бағдарламалары бойынша білім алушылардың құрамына қабылдау:

Күндізгі оқу бөліміне – 25 тамыз бен 30 тамыз аралығында

аралығында жүзеге асырылады.

  1. «АСПАРА» колледжіне талапкерлерді қабылдауды қабылдау комиссиясы мамандықтар бойынша жеке ашық отырыстарда жүргізіледі.

«АСПАРА» мәнерлік өнер және бизнес колледжіндегі ауылдың әлеуметтік – экономикалық дамуын анықтайтын мамандықтар тізімі

№ р/с

Мамандықтар тобының атауы

Мамандық коды

Кәсіптік білім, мамандық атауы

1

0600000 Өнер және мәдениет мамандығы

0402000

Дизайн (кәсіптік)

2

4100000 Тігін өндірісі және ауқымды қолданылатын заттар

1211000

Тігін өндірісі және киімді үлгілеу

3

0500000 Сервиз, экономика және басқару

0506000

Шаштараз өнері және сәндік косметика

 

 «АСПАРА» мәнерлік өнер және бизнес колледжіндегі орта кәсіптік арнайы білім беру үшін қабылдау емтихандарының тізімі

Код

Мамандықтар атауы

Кәсіптік пән атауы

9 сынып базасында

11 сынып базасында

0402000

Дизайн (кәсіптік)

2- шығармашылық емтихан

 

0506000

Шаштараз өнері және сәндік косметика

Химия

Химия

1211000

Тігін өндірісі және киімді үлгілеу

Математика

Математика



Техникалық және кәсіптік білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгі қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 18 қазандағы № 578 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 7 қарашада № 17705 болып тіркелді.

      «Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 5- бабының 11) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

  1. Қоса беріліп отырған Техникалық және кәсіптік білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгі қағидаларыбекітілсін.
  2. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Техникалық және кәсіптік білім департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмелерін қағаз және электронды түрде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау үшін және Қазақстан Республикасы нормативтiк құқықтық актiлерiнiң Эталондық бақылау банкiне енгізу үшін жолдауды;

      3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмелерін ресми жариялау үшін мерзімді баспа басылымдарына жолдауды;

      4) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      5) осы бұйрық мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы бұйрықтың 1), 2), 3) және 4) тармақшаларында қарастырылған іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

  1. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министрі Э.А. Суханбердиеваға жүктелсін.
  2. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

1-тарау. Жалпы ережелерТехникалық және кәсіптік білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгі қағидалары

  1. Осы Техникалық және кәсіптік білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгі қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңының (бұдан әрі – Заң) 11-тармақшасынасәйкес әзірленді және техникалық және кәсіптік білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына (бұдан әрі – білім беру ұйымдары) оқуға қабылдау тәртібін анықтайды.
  2. Білім беру ұйымдарына бастауыш («Хореография өнері» мамандығы (біліктілігі «Балет әртісі») бойынша кадрлар даярлау үшін, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары білімі бар Қазақстан Республикасының азаматтары, шетелдік азаматтар және азаматтығы жоқ адамдар, сондай-ақ білім туралы құжатымен (куәлік, аттестат) ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар адамдар қабылданады.
  3. Білім беру ұйымдарына оқуға түсу кезінде Заңның 26-бабының 8-тармағындаайқындалған адамдарды қабылдауға квота көзделеді.
  4. Түсу емтихандарын тапсыру нысанын білім беру ұйымдары белгілейді.

2-тарау. Техникалық және кәсіптік білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдау тәртібі

  1. Білім беру ұйымдарында тұлғалардың оқуға өтініштерін қабылдау үшін, түсу емтихандарын өткізу және білім алушылар құрамына қабылдау кезеңінде білім беру ұйымдары басшыларының бұйрығымен күнтізбелік жылғы 1 маусымнан кешіктірмей қабылдау комиссиясы құрылады, ол тақ саннан тұрады. Қабылдау комиссиясының құрамына жергілікті өкілетті және атқарушы органдардың, жұмыс берушілердің, қоғамдық ұйымдардың және білім беру ұйымдарының өкілдері кіреді. Қабылдау комиссиясының құрамынан оның мүшелерінің көп дауысымен төраға сайланады.

      Қабылдау комиссиясының шешімі егерде отырыста оның құрамының үштен екі бөлігі қатысқан жағдайда заңды болып табылады. Дауыс тең болған жағдайда қабылдау комиссиясының басшысының шешімі негізгі шешім болып табылады. Хатшы қабылдау комиссиясының мүшесі болып табылмайды.

      Ескерту. 5-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Білім және ғылым министрінің 16.07.2019 № 305 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

  1. «Білім беру ұйымдарының қабылдау комиссияларының өңірлерге барып тұлғаларды оқуға қабылдау жұмысын ұйымдастыру мәселелері білім беру саласындағы жергілікті атқарушы органның келісімі бойынша шешіледі.

      Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Білім және ғылым министрінің 16.07.2019 № 305 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

  1. Білім беру ұйымдарына тұлғаларды білім алуға қабылдау олардың өтініштері бойынша конкурстық негізде жүзеге асырылады.
  2. Білім беру ұйымдарында оқуға азаматтардың өтініштерін қабылдау:

      1) орта буын мамандарын даярлауды көздейтін техникалық және кәсіптік білімнің білім беру бағдарламалары бойынша оқудың күндізгі нысанына күнтізбелік жылдың 20 маусымы мен 25 тамызы аралығында, оқудың кешкі және сырттай нысанына күнтізбелік жылдың 20 маусымы мен 20 қыркүйегі аралығында, өнер және мәдениет мамандықтары бойынша күнтізбелік жылдың 20 маусымы мен 20 шілдесі аралығында;

      2) білікті жұмысшы кадрларды даярлауды көздейтін техникалық және кәсіптік білімнің білім беру бағдарламалары бойынша күнтізбелік жылдың 20 маусымы мен 27 тамызы аралығында, оқудың кешкі нысанына күнтізбелік жылдың 20 маусымы мен 20 қыркүйегі аралығында жүзеге асырылады.

      Ескерту. 8-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Білім және ғылым министрінің 16.07.2019 № 305 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

  1. Оқуға түсушілер білім беру ұйымдарына оқуға қабылдау туралы өтінішіне білімі туралы құжаттың төлнұсқасын қоса бере отырып, «Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығыменбекітілген (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізімінде 6697 нөмірімен тіркелген) № 086-У нысаны бойынша медициналық анықтаманы, «Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізімінде 6697 нөмірімен тіркелген) № 088-У нысаны бойынша I және II топтағы мүгедектер мен бала жасынан мүгедектер үшін медициналық-әлеуметтік сараптама қорытындысын, 3×4 көлеміндегі 4 фотосуретін қоса береді.

      «Хореография өнері» мамандығына оқуға түсуші тұлғалар білім беру ұйымында қосымша медициналық комиссиядан өтеді.

      Оқуға түсетін құжаттарды оқуға түсушінің жеке өзі немесе оның заңды өкілдері ұсынады.

      Қабылдау квотасы қарастырылған білім беру ұйымдарына оқуға түсуші тұлғалар санатты растайтын құжаттарын ұсынады.

  1. Оқуға түсушілерден түскен өтініштер техникалық және кәсіптік білім беру ұйымының тіркеу журналдарына оқытудың нысандары бойынша тіркеледі.
  2. Білім беру ұйымына ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар тұлғаларды қабылдау психологиялық-медициналық-педагогикалық консультацияның қорытындысы ескеріле отырып жүзеге асырылады.

      Түсу емтихандарына қатысу үшін мүгедек балалар және мүгедектер (көру, есту, тірек-қимыл аппаратының функциялары бұзылған) «Медициналық-әлеуметтік сараптама жүргiзу қағидаларын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 30 қаңтардағы № 44 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10589 болып тіркелген) бекітілген нысан бойынша мүгедектігі туралы анықтама ұсынған кезде, қажет болған жағдайда, мемлекеттік комиссия төрағасының атына:

      1) жеке аудитория ұсыну;

      2) көру, тірек-қимыл аппаратының функциялары бұзылған мүгедек балалар мен мүгедектерге арналған түсу емтиханы шеңберінде тапсырылатын пәндердің мұғалімі болып табылмайтын көмекшінің және (немесе) есту қабілеті бұзылған мүгедек балалар мен мүгедектер үшін ымдау тілін білетін маманның қажеттілігі туралы еркін нысанда қосымша өтініш бере алады.

      Ескерту. 11-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Білім және ғылым министрінің 16.07.2019 № 305 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

  1. Түсу емтихандары орта буын мамандарын даярлауды көздейтін техникалық және кәсіптік білімнің білім беру бағдарламалары бойынша және:

      1) бастауыш білімі бар («Хореография өнері» мамандығы (біліктілігі «Балет әртісі») бойынша ғана кадрлар даярлау үшін қабылдау кезінде) оқуға түсушілер үшін бастауыш білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламалары көлемінде екі пән бойынша (қазақ тілі немесе орыс тілі және шығармашылық емтихандар) өткізіледі;

      2) жалпы орта білімі бар оқуға түсушілер үшін үш пән бойынша (қазақ немесе орыс тілі, Қазақстан тарихы және мамандық бейіні бойынша пән) өткізіледі;

      3) негізгі орта (жалпы негізгі) білімі бар оқуға түсушілер үшін – негізгі орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламалары көлемінде екі пән бойынша (қазақ немесе орыс тілі және мамандық бейіні бойынша пән);

      4) мамандық бейініне сәйкес келмейтін техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары білімі бар оқуға түсушілер үшін мамандық бейіні бойынша өткізіледі;

      5) мамандық бейініне сәйкес келетін техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары білімі бар тұлғалар үшін әңгімелесу түрінде өткізіледі.

      Конкурс білім беру ұйымдары өткізген түсу емтихандарының нәтижелері бойынша алынған баллдар (бағалар) негізінде өткізіледі.

      Түсу емтихандары бекітілген кестеге сәйкес өткізіледі. Кестені түсу емтихандарының өтетін күні мен уақытын, орнын көрсете отырып білім беру ұйымдарының басшылары (3) жұмыс күнінен кешіктірмей емтихан өткізерден алдын бекітеді және оны ақпараттық стендтермен білім беру ұйымдарының интернет ресурстарында орналастырады.

      Білікті жұмысшы кадрларды даярлауды көздейтін техникалық және кәсіптік білімнің білім беру бағдарламалары бойынша оқуға түсушілерге арналған түсу емтихандары әңгімелесу нысанында өткізіледі. Түсу емтихандарын және әңгімелесуді өткізу кезеңінде аудио-бейнежазба жүргізіледі.

      Қабылдау комиссиясы оқуға түсушімен тиісті бағыттар бойынша жеке әңгімелесуді жүргізеді.

      Қабылдау комиссиясы әр оқуға түсушімен әңгімелесуді 20 минуттан артық жүргізбейді.

      Әңгімелесуге арналған сұрақтар тізбесін қабылдау комиссиясының басшысы бекітеді.

      Түсу емтихандарының қорытындылары ақпараттық стендтерде және білім беру ұйымидарының интернет-ресурстарында түсу емтихандарын өткізген күні орналастырылады.

      Ескерту. 12-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Білім және ғылым министрінің 16.07.2019 № 305 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

  1. Орта буын мамандарын даярлауды көздейтін техникалық және кәсіптік білімнің білім беру бағдарламалары бойынша оқуға түсетін адамдар үшін оқудың күндізгі нысанына түсу емтихандары күнтізбелік жылдың 1 тамызы мен 27 тамызы аралығында, оқудың кешкі және сырттай нысанына күнтізбелік жылдың 1 тамызы мен 28 қыркүйек аралығында; өнер және мәдениет мамандықтары бойынша арнаулы немесе шығармашылық емтихандар күнтізбелік жылдың 21 шілдесі мен 28 шілдесі аралығында өткізіледі.

      Білікті жұмысшы кадрларды даярлауды көздейтін техникалық және кәсіптік білімнің білім беру бағдарламалары бойынша оқуға түсетін тұлғалар үшін оқудың күндізгі нысанына түсу емтихандары күнтізбелік жылдың 1 тамызы мен 29 тамызы аралығында, оқудың кешкі және сырттай нысанына күнтізбелік жылдың 1 тамызы мен 25 қыркүйегі аралығында өткізіледі.

      Түсу емтихандарын өткізу кезінде:

      1) тестілеу нысанында әрбір пән бойынша тестілеу тапсырмаларының (сұрақтарының) саны – 25; әрбір тест тапсырмасының дұрыс жауабы 1 балмен бағаланады; үш пән бойынша тестілеуге – 2 сағат 15 минут, ал екі пән бойынша – 1 сағат 30 минут беріледі; дұрыс жауаптар коды тестілеу аяқталғаннан кейін дереу ілінеді; тестілеу нәтижелері ол өткізілген күні хабарланады;

      2) пәндер бойынша емтихандар нысанында түсу емтихандарының нәтижелері бойынша алынған «3», «4», «5» бағаларын қабылдау комиссиясы мынадай шәкіл бойынша: «3» – 8 балға, «4» – 17 балға, «5» – 25 балға алмастырады.

      Ескерту. 13-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Білім және ғылым министрінің 16.07.2019 № 305 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

  1. Білім беру ұйымдарына түсу емтихандары түсушілердің өтінішіне сәйкес қазақ немесе орыс тілдерінде өткізіледі.
  2. Түсу емтихандарын қайта тапсыруға рұқсат етілмейді.
  3. Техникалық және кәсіптік білім мамандықтарының бейіні бойынша жалпы білім беретін пәндердің тізбесі осы Үлгі қағидаларға 1-қосымшағасәйкес айқындалады.

      Ескерту. 16-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Білім және ғылым министрінің 16.07.2019 № 305 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

  1. Өнер және мәдениет мамандықтары бойынша білім беру ұйымдарына оқуға түсетін тұлғалар осы Үлгі қағидаларға 2-қосымшағасәйкес бекітілген бағдарламалар бойынша өткізілетін шығармашылық емтихандар тапсырады.

      Ескерту. 17-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Білім және ғылым министрінің 16.07.2019 № 305 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

  1. Педагогикалық мамандықтар, арнаулы немесе шығармашылық дайындықты қажет ететін мамандықтар бойынша білім беру ұйымдарына оқуға түсетін тұлғалар білім беру ұйымдары өткізетін арнаулы және (немесе) шығармашылық емтихандарды тапсырады.
  2. Арнаулы және (немесе) шығармашылық емтиханды өткізу нысаны осы Үлгі қағидаларға 2-қосымшағасәйкес анықталады.

      Кәсіби жарамдылықты анықтау үшін медицина және фармацевтика мамандықтары бойынша арнайы емтиханды өткізу нысанын денсаулық сақтау саласындағы білім беру ұйымдары дербес айқындайды.

      Ескерту. 19-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Білім және ғылым министрінің 16.07.2019 № 305 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

  1. Арнаулы және (немесе) шығармашылық емтиханның кестесін (емтиханды өткізу нысаны, күні, уақыты мен өткізілетін орны, консультациялар) қабылдау комиссиясының төрағасы бекітеді және оны оқуға түсушілердің назарына құжаттарды қабылдау басталғанға дейін кешіктірмей жеткізіледі.
  2. Оқуға түсушіні арнаулы және (немесе) шығармашылық емтихан өткізілетін аудиторияға кіргізу жеке басын куәландыратын құжатты ұсынған кезде рұқсат етіледі.
  3. Арнаулы және (немесе) шығармашылық емтихан басталғанға дейін оқуға түсушілерге емтихан материалдары беріледі және титулдық парақтарды ресімдеу тәртібі түсіндіріледі, сондай-ақ арнаулы және (немесе) шығармашылық емтиханның басталу және аяқталу уақыты, нәтижелерді жариялаудың уақыты мен орны және апелляцияға өтініштер беру рәсімі көрсетіледі.
  4. Арнаулы және (немесе) шығармашылық емтиханның өткізу қорытындылары – бағалау ведомостарымен ресімделеді.

      Арнаулы емтихан «өтті» немесе «өтпеді» деген нысанда бағаланады.

  1. Арнаулы және (немесе) шығармашылық емтиханның нәтижелері емтихан өткізілетін күні жарияланады.
  2. Арнаулы және (немесе) шығармашылық емтиханның нәтижелері бойынша оқуға түсушіге білім беру ұйымына ұсыну үшін бағалау ведомостінен үзінді беріледі.
  3. Білім беру ұйымында бірыңғай талаптардың сақталуын қамтамасыз ету және түсу емтихандар нәтижелерін бағалау кезіндегі даулы мәселелерді шешу, оқуға түсушілердің құқығын қорғау мақсатында білім беру ұйымы басшысының бұйрығымен апелляциялық комиссия құрылады. Апелляциялық комиссия мүшелері тақ санынан тұрады. Апелляциялық комиссия мүшелері тесттік пәндер бойынша техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарындағы педагогикалық қызметкерлердің санынан құрылады. Бір тестілеу пәні бойынша педагогикалық қызметкерлердің саны кемінде екі адамнан құрылады. Апелляциялық комиссия мүшелерінің құрамынан оның мүшелерінің көп дауысымен басшы сайланады.

      Хатшы аппеляциялық комиссияның мүшесі болып табылмайды.

  1. Түсу емтихандарының нәтижелерімен келіспеген тұлға апелляцияға шағым береді.

      Апелляцияға өтініш апелляциялық комиссияға түсу емтихандарының нәтижелері жарияланғаннан кейін келесі күні сағат 13.00-ге дейін беріледі және апелляциялық комиссиямен өтініш оны берушісінің қатысуымен бір жұмыс күні ішінде өтініш берген күннен бастап қаралады.

  1. Апелляциялық комиссияның шешімі отырысқа оның құрамының кемінде үштен екісі қатысса, заңды деп есептеледі. Апелляциялық комиссияның шешімі отырысқа қатысушылардың көпшілік дауысымен қабылданады. Дауыстар тең болған жағдайда, төрағаның дауысы шешуші болып табылады. Апелляциялық комиссияның жұмысы төрағаның және барлық қатысушы апелляциялық комиссия мүшелерінің қолы қойылған хаттамамен ресімделеді.
  2. Қабылдау конкурсын өткізу кезінде осы Қағидалардың 24-тармағынасәйкес баллдар сомасы ескеріледі.
  3. Орта буын мамандарын даярлауды көздейтін техникалық және кәсіптік білімнің білім беру бағдарламалары бойынша білім алушылардың құрамына қабылдау:

      1) оқудың күндізгі нысанына – күнтізбелік жылдың 25 тамызы мен 31 тамызы аралығында;

      2) оқудың кешкі және сырттай нысанына – күнтізбелік жылдың 15 қыркүйегі мен 30 қыркүйегі аралығында өткізіледі.

      Білікті жұмысшы кадрлар даярлауды көздейтін техникалық және кәсіптік білім беру бағдарламалары бойынша білім алушылардың құрамына қабылдау:

      1) оқудың күндізгі нысанына – негізгі орта немесе жалпы орта білімі туралы құжаттарда көрсетілген бейіндік пәндер бойынша бағалары, әңгімелесу нәтижелері ескеріле отырып іріктеу негізінде күнтізбелік жылдың 25 тамызы мен 31 тамызы аралығында;

      2) оқудың кешкі және сырттай нысанына – негізгі орта немесе жалпы орта білімі туралы құжаттарда көрсетілген бейіндік пәндер бойынша бағалары, әңгімелесу нәтижелері ескеріле отырып іріктеу негізінде күнтізбелік жылдың 15 қыркүйегі мен 30 қыркүйегі аралығында өткізіледі.

      Ескерту. 30-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Білім және ғылым министрінің 16.07.2019 № 305 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

  1. Орта буын мамандарын даярлауды көздейтін техникалық және кәсіптік білімнің білім беру бағдарламалары бойынша білім беру ұйымдарына қабылдау мамандықтар, оқыту тілі бойынша қабылдау комиссиясының ашық отырыстарында жүргізіледі.

      Білім алушылар құрамына қабылдау конкурсына қатысуға:

      1) негізгі орта (жалпы негізгі) білімі бар адамдар үшін екі пәннен 16 балдан кем, медицина және фармацевтика мамандықтары бойынша 25 балдан кем;

      2) жалпы орта білімі бар адамдар үшін үш пәннен 24 балдан кем, медицина және фармацевтика мамандықтары бойынша 35 балдан кем жинағандар жіберілмейді.

      Ескерту. 31-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Білім және ғылым министрінің 16.07.2019 № 305 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      32. Қабылдау комиссиялары оқуға түсушілерді қабылдау нәтижелері туралы ақпаратты орта буын мамандарын даярлауды көздейтін оқудың күндізгі нысанына күнтізбелік жылдың 31 тамызына дейін, білікті жұмысшы кадрларды даярлау – күнтізбелік жылдың 10 қыркүйегіне дейін, сырттай және кешкі оқу нысандарына күнтізбелік жылдың 30 қыркүйегіне дейін ақпараттық стенділерге немесе білім беру ұйымының интернет-ресурстарына жариялау арқылы оқуға түсушілердің назарына жеткізеді.